Date of publication: 22.11.2023 08:37
Date of changing: 22.11.2023 08:40

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер депртаменті Мемлекеттік кірістер комитетімен жеке кәсіпкерлердің әрекетсіздер тізімінде болуы туралы екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламаларды жолдау іске қосылғандығын хабарлайды.

Әрекетсіз жеке кәсіпкер болып табылатындықты тексеру үшін Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсына «Электрондық қызметтер» мәзірінде «Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу» бөліміне өту қажет.

Бұдан басқа, push-хабарламалар сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жіберіледі:

- Есептелген салық сомалары туралы ( мүлік салығы, жер салығы, көлік салығы бойынша);

- Тауарлардың электрондық сауда жаңа жобасы бойынша салық сомасы туралы;

- Жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша салықтық берешегі бар туралы;

- Алдағы салықтық нысандарды тапсыру мерзімі туралы ескертулер;

- Табыс етілмеген салық есептілігінің нысаны бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы бұйрықты шығару туралы ескерту;

- Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығару немесе тіркеуден бас тарту себептері туралы хабарлама;

- ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу туралы хабарлама;

- Салық органының шешімі бойынша ҚҚС төлеуші ретінде салық есебінен шығару туралы хабарлама;

- БКМ тіркеу туралы хабарлама;

- Салық міндеттемелерін орындау туралы, оның ішінде БКМ арқылы: салық есептілігін тапсыру және салық төлеу мерзімінің жақындауы туралы.