Date of publication: 20.11.2023 18:38
Date of changing: 20.11.2023 18:39

Қазақстан Республикасының 25.12.2017 жылғы № 120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 2024 жылдың 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында жалпы декларациялаудың 3-кезеңі енгізілді, оның шеңберінде заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ, олардың жұбайлары 250.00 нысанындағы «Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны» ұсынуы қажет.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда (250.00-нысан) шет мемлекетте жылжымалы және жылжымайтын мүліктің, шетел банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаның, Қазақстан Республикасынан тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі көрсетіледі.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында да, шет мемлекетте де бағалы қағаздардың, инвестициялық алтынның, зияткерлік меншік объектілерінің, жылжымайтын мүліктің құрылысына үлестік қатысу туралы мәліметтердің, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға берілген мүлік туралы мәліметтердің, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға берілген мүлік туралы мәліметтердің, ақшалай қаражаттардың болуы 10 000 еселеген АЕК шегінде, дебиторлық және кредиторлық берешек нотариалды куәландырылған құжат болған кезде, банк ұйымдарын қоспағанда; сондай-ақ, жеке тұлғаның өтініші бойынша АЕК-тен 1 000 есе жоғары (антиквариат, қымбат картиналар және т.б) қымбат мүлік көрсетілуі мүмкін, егер бағалау болса.

Жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға қатысты толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (kgd.gov.kz)  ресми сайтының "Жалпыға бірдей декларациялау" бөлімінен алуға болады.     

Сіздің жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға немесе заңды тұлғаның басшысы болып табылатын, немесе сіздің қызметіңіз тоқтатқан немесе сенімсіз салық төлеушілер тізімінде тұрғаны туралы білу үшін, сізге Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсының электрондық қызметіне www.kgd.gov.kz сілтемесі бойынша өту қажет.

https://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search_unreliable/list

https://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search_unreliable

https://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search/entrepreneur

 

Түсіндіру жұмыс басқармасы