Date of publication: 17.11.2023 18:32
Date of changing: 17.11.2023 18:34

Салық заңнамасына сәйкес күнтізбелік жыл ішінде 882 АЕК мөлшерінде стандартты салық шегеріміне мынадай тұлғалар қолдануларына құқылы:

  • Мүгедек баланың ата-анасына, қорғаншысына, қамқоршысына, осындай әр мүгедек баланың он сегіз жасқа толғанға дейін.
  • «Бала кезінен мүгедек» себебі бойынша мүгедек деп танылған адамның ата-анансына, қорғаншысына, қамқоршысына – әр адамға оның өмір бойына;

Салық шегерімдерін, жеке тұлғаның салық шегерімдерін қолдану туралы өтініші, қызметкердің табысы бойынша жеке табыс салығын есептеу кезінде растайтын құжаттардың көшірмелері және азаматтық-құқықтық шарттары (ЖКШ) негізінде қолданады.

Сондай-ақ, бала кезінен мүгедек, мүгедек баланың ата-анасының бірі жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды:

  • тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
  • үй жанындағы жер учаскелері бойынша;
  • құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша; гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
  • гараждар үшін алып жатқан жер участкелері.