
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен автоматтандырылған 2J1 іске қосуда хабарламалар қалыптастырылды. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес дара кәсіпкердің өзі міндетті зейнетақы жарналарды және әлеуметтік аударымдарды төлеудің жоқтығы анықталды. Хабарламалармен «Электрондық үкімет» порталы (eGov.kz) арқылы, салық төлеуші Кабинеті арқылы немесе жеке кәсіпкердің тіркелген орны бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына бару арқылы танысуға болады.
Хабарлама ол табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуы қажет. Салық төлеушінің (салық агентінің):
хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен кезде: анықталған бұзушылықтар жататын салық кезеңі үшін хабарлама бойынша салық есептілігін табыс ету;
хабарламада көрсетілген тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтармен келіспеген кезде –камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтардың жоқтығы туралы түсіндірмені Салық төлеуші Кабинеті арқылы ұсынуы хабарламаны орындады деп танылады.
Хабарламалар белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеп соғады және әкімшілік жаза қолданылады. Оларды болдырмау мақсатында, салық міндеттемелерін уақытында орындауларыңыз сұралады.