
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге 2022 жылғы 1 қаңтардан бастапсалық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес айқындалатын I, II және III санаттағы объектілердің операторлары қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы төлеушілер болып табылатынын хабарлайды.
Объектінің санатын анықтау үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жүгіну қажет.
Сондықтан, 01.01.2022 жылдан бастап IV санаттағы объектлердің операторлары, нормалауға және санаттауға жатпайтын объектілердің операторлары қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша салық төлеушілер болып табылмайды және аталған төлемақы бойынша салық нысанадарын тапсырмайды.