
2023 жылғы 15 қарашада Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2022 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік салық төлеуші», «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы» атағына лауреаттарды марапаттау салтанаты өтті.
Департамент басшысы Саят Сайлаубекұлы Бимағамбетов өзінің құттықтау сөзінде «Үздік салық төлеуші» және «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы (СЭҚ)» акциясы жыл сайын мемлекеттік кірістер органдарымен әріптестік қатынастарды нығайту және салық төлеушілердің мемлекеттік кірістер органдарына деген ашықтығы мен сенімін арттыру мақсатында өткізетінін атап өтті.
Сондай - ақ, Департамент басшысы экономикалық тұрақтылық – біздің мемлекетіміздің маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында экономика мәселелеріне көп көңіл бөлінді.
Қазіргі уақытта облыс кәсіпкерлері (салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар) облыстың ғана емес, жалпы елдің экономикасының дамуына үлкен үлес қосып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етуде.
Департамент басшысы акция қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің критерийлеріне сәйкес Шығыс Қазақстан облысының «Үздік салық төлеуші», «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы» атағына лайықты деп танылған 11 лауреат анықталғаны жайлы хабарлады.
Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Гүлмира Камильевна Сабралимова 2022 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік салық төлеуші» және «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы» байқауының 11 жеңімпаз лауреатының есімдерін атап, оларға салтанатты түрде дипломдар табыс етілді.
Марапаттау рәсімінен кейін кездесуге қатысушыларға басшылардың, заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары үшін жалпыға бірдей декларациялаудың 3- кезеңінің басталуына қатысты бейнеролик көрсетілді, сондай-ақ салық төлеушілерге салық есептілігін ұсыну тәртібі мен мерзімдері бойынша ақпарат берілді.
Сонымен қатар, бизнес өкілдерімен ҚР Салық кодексіне енгізілген жаңалықтар талқыланды.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Бизнестің одан әрі дамуы мен өркендеуін тілейміз!