
2023 жылғы 14 қарашада Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері ұлттық валюта-Теңге және қаржы жүйесінің қызметкерлері күніне арналған Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Жоғары бизнес және құқық мектебінің студенттерімен кездесу өткізді.
Іс-шара аясында Департаменттің түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова студенттерге Мемлекеттік кірістер органдарының қалыптасу тарихы туралы айтып берді. Жеке тұлғаларға, көлік құралдарына салынатын салыққа, мүлік салығына, ЖК ретінде тіркелу тәртібіне қатысты хабардар етті, сондай-ақ заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыбы) үшін жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңінің басталғаны туралы, салық есептілігін табыс етудің тәртібі мен тәсілдері, мерзімдері туралы хабарлады
Сонымен қатар, ҚР ҚМ МКК "e-Salyq Azamat", "e-salyq Business", "salyqbot"чат-ботының цифрлық сервистерінің артықшылықтары
туралы жеткізді.
Бұдан әрі дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Сайран Уалибекова жеке тұлғалардың банкроттық рәсімімен таныстырды.
Студенттер барлық сұрақтарға жауап алды.
Іс-шара соңында Жоғары бизнес және құқық мектебінің оқу және әдістемелік жұмысы жөніндегі декан орынбасары Мамырбекова Динара Департамент өкілдеріне алғыс хатпен марапаттады. Жылы кездесу бірлескен фотосуретте түсірілді.