
2023 жылғы 09 қазанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде қызметкерлердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және ұжымда қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында үздік шахматшы Евгений Александрович Мищенкомен «Тағылымы мол жүздесу» кездесуі өтті.
Спорттық жетістіктер – ШҚО бойынша МКД-нің оң имиджінің негізі. Департамент спортшылары – біздің мақтанышымыз! Олар қызметімен қатар спортқа да көп көңіл бөлетінін, сол арқылы салауатты өмір салтын насихаттайтынын және өмірдің оң көзқарастарын қалыптастыратынын атап өту маңызды.
«Тағылымы мол жүздесу» кездесуі аясында шахматтан спорт шеберіне үміткер, көптеген облыстық турнирлердің жеңімпазы, Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының бас маманы – Евгений Александрович Мищенкомен сұхбат өтті.
Кездесу барысында шахматтан СШҮ – Евгений Мищенко көптеген сұрақтарға жауап берді, іс-шараға қатысушылармен кәсіби шахматтағы қалыптасу тарихымен бөлісті, шахматты түсіну деңгейін қалай арттыру керектігін айтып, шахматтағы үздік дебюттерін көрсетті.
Іс-шарадан ұмытылмас жылы естеліктер қалды.