
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасарының м.а. - Әдеп жөніндегі уәкіл Ш. Е. Сейкенов 2023 жылдың 09 қазан айында Тарбағатай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды тұлғаларымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау мәселесі бойынша кеңестер өткізді.
Кездесу онлайн форматта өтті, онда мемлекеттік кірістер аумақтық басқармалары қызметкерлерінің сұрақтарына Әдеп жөніндегі уәкіл Ш. Е. Сейкенов жауап беріп, қажетті ақпарат берді.
Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі уәкіл Ш. Е. Сейкенов Салық кодексінің 118-бабы 1-тармағының 7-тармақшасының талаптарын сақтау бойынша салық төлеушілермен жұмыс және жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімдерінің лауазымды тұлғаларымен профилактикалық жұмыс жүргізді (ШҚО бойынша МКД-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері шеңберінде).
Кездесулер аяқталғаннан кейін ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасарының м.а. - Әдеп жөніндегі уәкіл Ш. Е. Сейкенов қызметтік әдеп нормаларын тұрақты сақтаудың, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және Әдеп кодексінің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.