Date of publication: 07.11.2023 15:42
Date of changing: 07.11.2023 15:52

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге 2022 жылғы 16 ақпанда Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының 1-отырысының хаттамасына сәйкес, Мемлекеттік кірістер комитеті мен өңір бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері Қырғыз Республикасына экспорттау кезінде тасымалданатын тауарларға тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың (бұдан әрі - ТІЖ) болуын қамтамасыз ететіндігі туралы келісімге келгені жайлы хабарлайды.

Көрсетілген хаттамаға сәйкес, ТІЖ болмаған жағдайда Қырғыз Республикасының аумағында бақылау шараларын жүзеге асыру көзделген.

2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасында ЕАЭО елдерінің өзара саудасында тауарларды тасымалдау кезінде ТІЖ міндетті ресімдеуді енгізді.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 176-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды экспорттау кезінде тауарларды өткізу, өткізу және (немесе) жөнелту басталғаннан кешіктірілмей ТІЖ ресімдеу міндеті жүктеледі.

ТІЖ ресімделуі тиіс тауарлар санаттарының тізбесі, сондай-ақ ТІЖ ресімдеу қағидалары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен бекітілген. Бұйрықтың қосымшасында тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың бекітілген нысаны қамтылған.

ТІЖ жазып беру міндеттемесі тауарлардың келесі санаттары үшін туындайды:

- биоотын:

- этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі;

- мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері (бензин, дизельдік отын, мазут, авиациялық отын, жол битумы);

- қадағалау механизмі туралы келісімге сәйкес, қадағалануға жататын өнімдер (тоңазытқыштар мен мұздатқыштар);

- ЕАЭО шеңберінде импортауға/экспортауға жататын тауарлар.

ТІЖ салық төлеушілермен келесі мерзімдерде ресімделеді:

- тауарларды ел ішінде тасымалдау кезінде – тасымалдау, жөнелту, өткізу басталғаннан кешіктірмей;

- ЕАЭО-тың құрамына кірмейтін мемлекеттердің аумағынан импорттау кезінде - тауарларды тасымалдау және өткізу басталғаннан кешіктірмей;

- ЕАЭО-тың құрамына кіретін елдердің аумағынан импорттау кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін;

- экспорттау кезінде – тауарларды тасымалдау, өткізу және жөнелту басталғаннан кешіктірмей.

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу тәртібімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің – kgd.gov.kz порталында, сондай-ақ Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі порталында ( IS ESF) танысуға болады.

ТІЖ ресімдеу талаптарын бұзған немесе уақтылы ресімдемеген, ұсынбаған жағдайда жеке тұлғалар, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 283-1-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.