
2023 жылғы 01 қарашада Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ШҚО бойынша «Атамекен» ҰКП алаңында салық төлеушілердің, экспорттаушылардың, импорттаушылардың, базар әкімшілерінің, сауда үйлерінің, блогерлердің, БАҚ-тың қатысуымен салық, кеден заңнамасының өзекті тақырыптары бойынша «Ашық есік күні» форматында офлайн және ZOOM конференциясы арқылы онлайн режимде семинар өткізді.
Семинарға 100-ден астам салық төлеуші, оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ-ның еншілес компаниясы «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС аяқ киімді таңбалау жобасының жетекшісі қатысты.
Семинар барысында темекі өнімдері мен аяқ киімдерді таңбалау тәртібі туралы Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы, Акциздерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы – Манарбек Байділдин айтып берді. Аяқ киімді таңбалау тақырыбын аяқ киімді таңбалау жобасының жетекшісі Ерлан Қарабаев жалғастырды.
Әрі қарай ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС әкімшілендіру басқармасы басшысының м.а. Жасұлан Мұсаханов ЕАЭО шеңберінде ТІЖ ресімдеу, оның ішінде экспорттық бақылау тауарлары бойынша ТІЖ ресімдеу қағидаларымен таныстырды. Спикер тақырып аясындағы өзекті мәселелерді қозғады, атап айтқанда, тауарларды Қырғыз Республикасына экспорттау кезінде ТІЖ болуы қажеттігі туралы айтты.
Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова іс-шараға қатысушыларды басшылардың, заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары үшін жалпыға бірдей декларациялаудың 3- кезеңінің басталуына қатысты ақпаратпен хабардар етті. Сонымен қатар, спикер салық есептілігін ұсыну тәртібі мен мерзімдеріне, толтыру ережелеріне тоқталып өтті.
Іс-шараны қорытындылай келе, Гүлмира Сабралимова салық міндеттемелерін орындау және бизнесті жүргізу мақсатында «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business» мобильді қосымшаларының, «Salyq Bot» чат-боты –электрондық сервистерінің артықшылықтарына назар аударды.
Шара соңында іс-шараға қатысушылар ШҚО бойынша МКД өкілдеріне қызықтырған сұрақтарын қойып, келесі кездесуде талқылағылары келетін тақырыптар бойынша ұсыныстарын білдірді және түсіндіру жұмысы үшін алғыстарын білдірді. Барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді. Салық төлеушілерге «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business», «Salyq Bot» мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық жаңашылдықтары және жалпыға бірдей декларация туралы буклеттер табыс етілді. Сондай-ақ, салық төлеушілермен кері байланыс тәсілдерінің тиімділігін және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын анықтау мақсатында кәсіпкерлер арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді.