Date of publication: 31.10.2023 15:58
Date of changing: 31.10.2023 16:00

ҚҚС бойынша тіркеу есебі

 

2023 жылғы 30 қазанда Өскемен қаласында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында «Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі» тақырыбында брифинг өткізді.

Брифинг барысында ШҚО бойынша МКД басшысы орынбасарының м.а. Асхат Райнбекұлы Жібітаев ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою тәртібі мен мерзімдері, ҚҚС бойынша есепке қою кезінде ТІЖ қолданудың артықшылықтары туралы, сондай-ақ ең төменгі айналым бойынша ҚҚС бойынша міндетті есепке қою үшін бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушінің айналымы енгізілмейтіні туралы айтты.

Сондай-ақ, спикер брифингке қатысушыларды ҚҚС бойынша тіркеу есебіне салықтық өтініш берудің әдістерімен және мерзімдерімен таныстырып, ҚҚС бойынша салықтық есептілікті ұсыну, сондай-ақ ҚҚС бойынша есептен шығару рәсімі туралы, оның ішінде салық органының шешімі негізінде салық төлеушіні хабардар етпей есептен шығару туралы сөз сөйледі.

Қорытындылай келе, Департамент басшысының орынбасарының м.а. Асхат Жібітаев ҚҚС бойынша тіркеу есебіне уақтылы қойылмағаны үшін қарастырылған әкімшілік жауапкершілікке тоқталып, БАҚ сұрақтарына жауап берді.