
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің онлайн жәрмеңкесі
Мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік қызметтерді алу үшін қолайлы жағдайлар жасауға және олардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге барынша көңіл бөледі. Бұл ретте халықтың қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында салық төлеушілермен кері байланыс орнату жұмыстары жүргізілуде.
Осылайша, 2023 жылғы 24 қазанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жәрмеңке өткізді. Тікелей онлайн режимінде өткен жәрмеңкеге Департаменттің мемлекеттік қызметтерді көрсететін басқармаларының басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкері қатысты.
Тікелей эфирде мемлекеттік кірістер органдары көрсететін қызметтер туралы мәліметтерді жария еткен ШҚО бойынша ДСР Мемлекеттік қызметтерді көрсету департаментінің басшысы Салимбаева Г.С. сөз сөйледі, сондай-ақ электрондық қызметтерді алу әдістеріне тоқталды.
Одан кейін Жанама салықтар басқармасының, Мемлекеттік қызметтерді көрсету басқармасының, Кафедралық мониторинг бөлімінің, Төлем қабілетсіз борышкерлермен жұмыс департаментінің, Кедендік әкімшілендіру басқармасының, Тарифтік реттеу басқармасының, сондай-ақ «Өскемен қаласы -Кедендік ресімдеу орталығы» және «Әуежай Өскемен» басқармаларының қызметкерлері сөйледі.
Осындай жәрмеңке аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасымен (МКБ) өткізілді, оның аясында МКБ деңгейінде көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдері жаңартылды.
Тікелей эфирдің жазбасы әлеуметтік желілерде департаменттің Instsgram парақшасында сілтеме бойынша сақталды:
https://www.instagram.com/p/CyxvL3zL0J0/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==