Date of publication: 23.10.2023 18:26
Date of changing: 23.10.2023 18:27

ШҚО бойынша МКД-нің қызметкері ШҚО мемлекеттік қызметшілері арасында ең үздік шахматшы атанды

 

2023 жылғы 19 қазанда Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп облыс ведомстволарының мемлекеттік қызметшілері арасында Республика күніне орай шахматтан жарыс ұйымдастырды.

Іс-шара шахматты дамыту және насихаттау, мемлекеттік қызметшілердің спорттық шеберлігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілді. Турнирге облыстың барлық қалалары мен аудандарының әр ұйымынан бір қатысушыдан - 30-дан астам мемлекеттік қызметші қатысты. Ойын «Fide» Халықаралық шахмат федерациясының ережелеріне сәйкес блиц түрінде өтті.

Турнир қорытындысы бойынша Департаменттің Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының бас маманы Евгений Александрович Мищенко жоғары нәтижелер көрсетіп, бірінші орынды иеленді!

Департамент басшылығы мен ұжымы Евгений Александровичті турнирдегі жеңісімен құттықтайды және жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейді!