
2023 жылғы 09 қазанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде қызметкерлердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және ұжымда қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында үздік спортшы Ержан Советұлы Омарбаевпен «Тағылымы мол жүздесу» іс-шарасы өтті.
Спорттық жетістіктер – ШҚО бойынша МКД-нің оң имиджінің негізі. Департамент спортшылары – біздің мақтанышымыз! Олар саналы ғұмырын тек қызметіне ғана емес, спортқа арнады, осылайша салауатты өмір салтын насихаттап, жас ұрпақ үшін үлгі бола білді.
«Тағылымы мол жүздесу» аясында біз Департаменттің және еліміздің көрнекті спортшысы – самбодан жастар арасында екі дүркін әлем чемпионы, Гранд-шеберлер арасында әлем чемпионы, самбо, дзюдо, қазақша-күрестен көптеген халықаралық және республикалық турнирлердің жүлдегері, ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС әкімшілендіру басқармасының басшысы Ержан Советұлы Омарбаевпен сұхбаттастық. Сұхбат барысында Ержан Омарбаев спорт жолын жаңадан таңдаған Департаменттің жас мамандарымен спорттағы қалыптасу тарихымен бөлісіп, тілегін білдірді.
Сондай - ақ, іс - шара барысында Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының бас маманы Евгений Александрович Мищенко мемлекеттік қызметшілердің этиканы сақтауы, оның ішінде салық төлеушілермен жұмыс жасау психологиясы, ұжымның ішінде және мемлекеттік қызмет алушылармен қарым - қатынаста жанжалды жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыстың ерекшеліктері туралы тақырыпты қозғады. Сонымен қатар, эмоционалды шаршаудың алдын алуға ерекше назар аударылды және күйзеліс жағдайларында эмоциялық күйді басқаруға арналған жаттығулар мен әдістердің мысалдары келтірілді.
Іс-шарадан ұмытылмас жылы естеліктер қалды.