Date of publication: 06.10.2023 09:51
Date of changing: 06.10.2023 09:52

2023 жылғы 04 қазанда ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті «Шығыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің алаңында БАҚ және өңір кәсіпкерлерінің қатысуымен салық және кеден заңнамасының өзекті тақырыптарында семинар - брифинг өткізді.

Семинар модераторы «ШҚО Кәсіпкерлік қызметкерлері кәсіподағы» ҚБ-нің басшысы Галина Сергеевна Казанцева іс - шараны ашып, оның маңыздылығын атап өтті. Спикерлер ретінде ШҚО бойынша МКД-нің Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының (әрі қарай ТІЖ және БОБ) басшысы Гүлмира Камильевна Сабралимова, «Өскемен - кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің басшысы Руслан Нұрлыбекұлы Нұрлыбеков сөз сөйледі. Семинарға 100 - ден астам салық төлеуші қатысты, олардың қатарында «Сервис-Авто» ЖШС, «Легаком» ЖШС, «Beta» ЖШС және т. б. ұйымдардың өкілдері болды.

Семинар-брифинг аясында ТІЖ және БОБ басшысы Гүлмира Сабралимова іс-шараға қатысушыларды бөлшек салықтың арнаулы салық режимін, бірыңғай төлемді, электрондық сауда бойынша пилоттық жобаны, жалпыға бірдей декларациялауды, жеке тұлғалардың банкроттығы тәртібі, ҚР ҚМ МКК цифрлық жаңалықтары «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business», «Salyq Bot» қолдануға қатысты және кәсіпкерлерге қатысты салық заңнамасындағы басқа да өзгерістер жайлы хабардар етті. Спикер бөлшек салықты, бірыңғай төлемді ТІЖ қолданудың артықшылықтарына тоқталып, осы тақырып бойынша жиі келіп түсетін сұрақтарды атап өтті.

Әрі қарай «Өскемен - кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің басшысы Руслан Нұрлыбеков семинарға қатысушыларды кедендік заңнамадағы өзгерістер мен толықтырулармен таныстырып, тауарлардың жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салу туралы айтты.

 Сөз соңында салық төлеушілер ШҚО бойынша МКД-нің өкілдеріне қызықтырған сұрақтарын қойып, жүргізілген түсіндіру жұмысы үшін алғыс білдірді. Барлық сұрақтарға жауаптар берілді және жадынамалар таратылды. Сондай-ақ, салық төлеушілермен кері байланыс тәсілдерінің тиімділігін және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын анықтау мақсатында кәсіпкерлер арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді.