Date of publication: 02.10.2023 18:28
Date of changing: 02.10.2023 18:35

2023 жылғы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» ҚР ҰКП ШҚОФ, кәсіпкерлердің, бизнес-қоғамдастықтардың және олардың өкілдерінің, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Бірыңғай есеп күні» іс-шарасы өтті.

Кәсіпкерлердің тұрақты, қауіпсіз қызметін жүзеге асыруы үшін олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және кәсіпкерлік субъектілерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған «Бірыңғай есеп күні» шеңберінде ШҚО бойынша МКД басшысы орынбасарының м.а. Асхат Раинбекұлы Жибитаев салықтық әкімшілендірудің өзекті мәселелеріне тоқталды.

Спикерлер сөз сөйлегеннен кейін іс-шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.

 Жергілікті атқарушы органдар Бірыңғай есеп беру күнін жыл сайын қыркүйектің соңғы бейсенбісінде өткізіп отырады.