
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл Е. М. Татубаев 2023 жылдың 27 қыркүйек айында Риддер қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды тұлғаларымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау мәселесі бойынша кеңестер өткізді.
Кездесу жанданған форматта өтті, онда мемлекеттік кірістер аумақтық басқармалары қызметкерлерінің сұрақтарына Әдеп жөніндегі уәкіл Е. М. Татубаев жауап беріп, қажетті ақпарат берді.
Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі уәкіл Е.М. Татубаев Салық кодексінің 118-бабы 1-тармағының 7-тармақшасының талаптарын сақтау бойынша салық төлеушілермен жұмыс және жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімдерінің лауазымды тұлғаларымен профилактикалық жұмыс жүргізді (ШҚО бойынша МКД-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері шеңберінде).
Кездесулер аяқталғаннан кейін ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл Е.М. Татубаев қызметтік әдеп нормаларын тұрақты сақтаудың, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және Әдеп кодексінің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.