Date of publication: 27.09.2023 15:10
Date of changing: 27.09.2023 15:11

2023 жылғы 25 қыркүйекте ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің уәкілетті тұлғалары жеке тұлғалардың көлік құралдарына және мүлкіне салынатын  салық бойынша, осы салықтар бойынша берешек жағдайы және жеке тұлғалардан берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.

Спикер ретінде Департаменттің Өндірістік емес төлемдер басқармасының (бұдан әрі - ӨЕТБ) басшысы – Әсет Ілиясұлы Мұқашев, ШҚО бойынша МКД ӨЕТБ-ның бас маманы – Арайлым Болатқызы Тұрысбаева сөз сөйледі.

Брифинг барысында Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы облыс азаматтарына 2022 жылға жеке тұлғалардың мүлік салығын (оның ішінде жер салығын) төлеу мерзімінің жақындағанын еске салды. Әсет Ілиясұлы Мұқашев хабарлағандай, 2023 жылғы 1 қазанда мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады.

Сондай-ақ, спикерлер салық міндеттемелерін орындау бойынша жеңілдіктер қолданылатын азаматтардың жекелеген санаттарына тоқталып, жеке тұлғалардан берешекті өндіріп алу, салықтарды уақтылы және толық төлемеу кезінде қолданылатын шаралар туралы хабардар етті. Сонымен қатар, спикерлер салық төлеушілердің мүлік және көлік құралдарына салық төлеу тәртібі туралы жиі қойылатын сұрақтарына жауап берді.

Толығырақ келесі сілтеме арқылы білуге болады: https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2045599695780563&id=100063643267416&mibextid=VhDh1V