Date of publication: 25.09.2023 17:51
Date of changing: 25.09.2023 17:51

2023 жылғы 25 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік кірістер органдарының пайдалы және қызықты контентін құру мақсатында «SMM. 2023 жылғы мобилографияның басты трендтері» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Іс-шараға Департаменттің қызметкерлері қатысты.

Семинар - тренингті Түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Назерке Серікбек өткізді.

Семинар аясында спикер мобилография негіздерімен, әлеуметтік медиада ақпаратты ілгерілетуді автоматтандыруға мүмкіндік беретін құралдармен таныстырды, мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне сенімділікті арттыру мақсатында салық төлеушілер үшін сапалы және қолжетімді визуалды контент жүргізудің маңыздылығы туралы атап өтті.

Мемлекеттік кірістер органдарының қазіргі заман талабына сай баспасөз қызметі өкілдерінің міндеті әлеуметтік желілер арқылы халықтың салық саласы бойынша сауаттылығын, МКО-мен көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын, жергілікті және республикалық салық түсімдерінің толықтығын арттыруға бағытталған салықтық және кедендік әкімшілендіру шеңберіндегі өзекті ақпаратты сапалы және жедел ұсыну болып табылады.

Іс-тәжірибелік жұмыстар жүргізу барысында қатысушылар шолу бейнероликтерін жасауды, соның ішінде дұрыс түсірілім жасауды, ракурстарды таңдауды және бейнероликті өңдеу құралдарын пайдалануға үйренді.