Date of publication: 22.09.2023 17:52
Date of changing: 22.09.2023 17:54

Радиациялық бақылауды жүргізу қағидалары

 

Осы  Радиациялық  бақылауды  жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі Кодекске)  – 402-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және  мемлекеттік  кірістер органдарының радиациялық  жүргізу тәртібін айқындайды.

Тауарлар мен көлік құралдарын радиациялық бақылау – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері мен өзге де орындарда өткізілетін кедендік бақылау түрлерінің бірі бола тұрып, Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың  және Қазақстан Республикасының кедендік аумағында халықтың радиациялық қауіпсіздігі, ядролық қару мен ядролық материалдарды таратпау халықаралық режимін сақтау, радиоактивтік заттар (бұдан әрі –РЗ) гамма-сәулеленудің баламалы дозасы, нейтронның ағынының тығыздығы, альфа, бета-сәулелену (бұдан әрі - иондаушы сәулелену)  жоғары деңгейі тар тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде кедендік ережелерін бұзушылықтарды болдырмау мақсатында жүзеге асылылады.

Радиациялық бақылау үшін мемлекеттік кірістер органдары РБАЖ «Янтарь-1А», РБАЖ «Янтарь-2П», «МКС-А03», РКС «СОЛО» портативті қалқалары сияқты стационарлық және тасымалданатын радиациялық бақылау жүйелерін пайдаланады.

Ағымдағы жылдың басынан бері РБАЖ « Янтар-1А» көмегімен радиациялық фонның асып кетуінің 60 фактісі анықталды, соның 6 факты тексеру нәтижесынде  радиациалық белгіленнген  фоннан асқан фактісы анықталмады.

«Янтарь-1А» радиациялық бақылаудың автоматтандырылған жүйесінен   Қытайдан Қазақстанға жүк алушы ЖШС-не өту кезінде,  «Казцинк» Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қ., «Керамикалық ұнтақтау шары» өнімімен,   радиациялық фоннан асып кету фактісі анықталды. Осы көліктерді спектрометр – радиометр МКС-А03   құралымен қосымша тексеру кезінде гамма-фонның орташа деңгейі 0,37-0,60 мкЗв/сағ құрады, табиғи фонында 0,10-0,12 мкЗв/сағ, гамма-сәулеленудің баламалы дозалық жылдамдығы рұқсат етілген мөлшерден асып түсті. деңгейі 4-5 рет.

Қосымша радиациялық бақылау нәтижелері бойынша   радиациялық зерттеу актілері жасалды.

«Радиациялық бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 05.02.2018 жылғы № 121 бұйрығының негізінде радиациялық фоны асатын «Керамикалық ұнтақтау шары» өнімі үшін материалдардың, шикізаттың, өнімдердің радиоактивтілігін зерттеуге арналған № 56 п хаттама 30.06.2022 ж., ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚҚҚБТУ «Ұлттық сараптама орталығы» РМК филиалы берген.  сондай-ақ Қытай Халық Республикасының  жылжымалы инспекциасының және радиактивті заттарды зерттеу    карантиндік сертификатары ұсынылды.     

Осы  ұсынылған құжаттар негізінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жүк алушының мекенжайы бойынша тауарларды шығару туралы шешім қабылданды.