Date of publication: 20.09.2023 14:14
Date of changing: 20.09.2023 14:15

"E-Salyq Business" мобильді қосымшасы - жаңа цифрлық шешім жеке кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге арналған, бұл жаңадан тіркелген кәсіпкерлер үшін өте ыңғайлы.

«E-Salyq Business» мобильді қосымшасы бірқатар салық рәсімдерін жеңілдетті.
Мобильді қосымшаның функционалы:

1) жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге;

2) кассалық чектің орнына мобильді қосымшаның чегін беруге;

3) қосымшада берілген чектер негізінде кәсіпкердің кіріс есебін жүргізуге;

4) салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеуге;

5) жалдамалы қызметкерлердің және олардың табыстарының есебін жүргізуге;

6) оңайлатылған декларацияны тапсыруға (910.00 нысан);

7) кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған тәртіпте тоқтатуға мүмкіндік береді.

Одан бөлек, «E-Salyq Business»-те ыңғайлы сервистер әзірленуде. Олардың көмегімен салық органдарының жіберген хабарламасын алуға; бір төлем құжатымен бірнеше салықты төлеуге; артық не қате төленген салықтарды алдағы салықтар есебіне жатқызуға немесе қайтарып алуға болады.

Сондай-ақ, бірқатар анықтамаларды да алу мүмкіндігі бар. Мысалы, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу туралы, оның және оның жұмысшыларының табысы туралы анықтамаларды ала аласыз. Бұлардың барлығы талап етілген жерге ұсынуға арналған.