
ШҚО Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің ұжымы арасында көптеген адамдар үшін үлгі болып табылатын тағы бір үлгілі – өнеге тұтарлық отбасы бар.
Шәкерім атындағы "Семей" ЖОО түлегі Қабдолданов Руслан Жомартұлы еңбек жолын 2001 жылдың шілдесінде Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық инспекторы болып бастады. Сол жылдың қыркүйек айында салық инспекторы болып Төлегенова Бибігүл Төлегенқызы қабылданды.
Сол кезде жастар салық қызметінің қабырғасында сүйікті жұмысын ғана емес, тағдырын да табады деп еш ойламаған еді.
Руслан Жомартұлы өз жұмысына адал бола отырып, салық инспекторы қызметінен үлкен жетістіктерге жетті. Бас маман, бөлім басшысы, салық басқармасы басшысының Көкпекті, Ұлан аудандары бойынша орынбасары қызметтерін атқарды. 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап ШҚО бойынша МКД Самар ауданы бойынша МКБ басшысы болып тағайындалды.
Руслан Жомартұлы үлкен білімге ие, бай тәжірибесі мен еңбек өтілі бола отырып, жас мамандармен өз білімін бөлісуді тоқтатқан емес.
Бибігүл Төлегенқызы - ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті адам ресурстары басқармасының бас маманы. Ол белгіленген мақсаттарға қол жеткізуде жеделдігімен, жауапкершілігімен, мақсаттылығымен ерекшеленеді. Жұмысына да, отбасына да уақыт бөлуге үлгереді.
Өзара түсіністік пен бірлік орнаған отбасында үш керемет бала өсіп келеді. Он тоғыз жасар Арай қызы үйге көмектесіп жатқанда, Камила екінші сыныпта оқитын інісі Алимге қамқорлық жасайды. Ата-аналар балалардың пікірін бағалайды, құрметтейді, мақтан тұтады және олардың табыстары мен жетістіктеріне қуанып отырады.
Осы әдемі отбасына бақыт, отбасылық ошақтың жылуы мен амандық тілейміз.