Date of publication: 07.09.2023 18:13
Date of changing: 07.09.2023 18:14

Жалпыға бірдей декларациялаудың 2-кезеңі аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  Шығыс Қазақстан облысының Әкімінің Аппаратының қызметкерлеріне семинар өткізді.

Түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Жанар Айтжанова "Жалпыға бірдей декларациялау"  тақырыпта сөз сөйледі.

Жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері, "Активтер мен міндеттемелер" және "Кірістер мен мүліктер" туралы декларацияларды толтыру және жіберу  туралы түсініктемелер берілді.

Кездесу барысында барлық өзекті сұрақтарға жауаптар берілді.

 

                                                                 Түсіндіру жұмыс басқармасы