
«Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте», - деді белгілі қазақ ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Али.
1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданып, Қазақ КСР-нің мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі – ұлтаралық тіл деп бекітілді.
Республика Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен ана тіліне және өз еліне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу және түрлі ұлттардың тілдері, дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту мақсатында елімізде Қазақстан халқының Тілдер күні мерекесі бекітілді.
Бастапқыда бұл мереке 22 қыркүйекте, ал "Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына сәйкес мереке 5 қыркүйекке – қазақ ағартушысы және ғалымы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне бекітілді.
Бұл айтулы күннің көрнекті ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туған күнімен сәйкес келуі-оның жеке басына деген құрмет. А. Байтұрсынов бүкіл өмірін туған халқының тағдыры мен тілі үшін күреске арнап, ұрпақтарына қазақ әліпбиін, графикасын, құрылымы мен орфографиясын жазып, мұра етіп қалдырды.
1937 жылы 8 желтоқсанда А.Байтұрсынов «Халық жауы» деген желеумен ату жазасына кесілді. Ғалым 1988 жылы ғана ақталды.
Біздің көпұлтты еліміз үшін бұл күн ерекше маңызға ие. Олардың бірі – бейбітшілік пен келісімде 124 аса ұлт пен ұлыс өмір сүретін республиканың тұтастығын сақтау, қазақ тілін дамыту және тарату, жас ұрпақтың мемлекеттік тілге, қазақ және басқа да халықтардың мәдениеті мен дәстүрлеріне құрметпен қарауы. Елде ұлттық мәдени орталықтар мен театрлар жұмыс істейді, олар мемлекеттік бюджеттен қаржылық қолдау тауып отыр.
Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 19-дан (2 филиал, 17 жергілікті) астам этномәдени бірлестігі жұмыс істейді, украиндар, гректер, армяндар, белорустар, корейлер, күрдтер, молдовандар қауымдастықтары бар. Олардың міндеті-өз халқының мәдени мұрасын сақтап қана қоймай, басқа этникалық топтарды оның байлығы мен ерекшеліктерімен таныстыру. Ұлттық қауымдастықтардың қызметі де қолдау тауып отыр.
Өскеменде барлық басқа қалалар сияқты Достық үйі жұмыс істейді. Өскемен белсенділерінің айтуынша, оның шаңырағы астында біріккен ұйымдар көптен бері қаланың қоғамдық өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Достық үйі барлық этностарды біріктірді және әртүрлі мәдениеттердің бірігуінің әсемдігін көрсетеді.
Бұл әртүрлі этникалық топтардың өкілдеріне өздерінің мәдени көріністерін сақтауға және дамытуға мүмкіндік береді. Бірақ бір күнде, әрине, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ондаған халықтардың осы саладағы жетістіктерін көрсету мүмкін емес. Сондықтан барлық облыстарда апталықтар, он күндіктер, айлықтар, тілдер фестивалі, өнер шеберлерінің концерттері, тілдерді білуге арналған байқаулар, дөңгелек үстелдер, ғылыми конференциялар өтеді.
Бұл мерекенің маңызды аспектісі- тілдердің үштұғырлығын тану, мұнда ағылшын тілі халықаралық қатынас тілінің рөлін атқарады. Бұл Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа кірігуге және басқа ұлттармен байланысты нығайтуға деген ұмтылысын көрсетеді.
Тіл-халықтың әл-ауқаты, ол ұлттардың бірлігі мен тұтастығына зор ықпал етеді. Тіл-білім беру құралы және адамдардың қарым-қатынасын байланыстыратын тірек. Тілдер күні-Қазақстанның барлық азаматтарының достығының, туыстық пен бірліктің белгісі, ал халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық – мемлекет құрылысының басты тірегі.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
Ұйымдастыру-қаржы басқармасының ұйымдастыру бөлімі