Date of publication: 01.09.2023 18:00
Date of changing: 01.09.2023 18:02

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қазақстан Республикасының Конституция күні» мерекесі аясында департаменттің «ШҚО бойынша МКД» командалары мен ШҚО «Кеден Мастерс 35+» ШФЛ-да команда арасында шағын футболдан жолдастық матч ұйымдастырылды.

«Кеден Мастерс 35+» облыстық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері болып табылатын шағын футбол және футзал командасы. Біздің қазіргі және бұрынғы қызметкерлеріміз: Жаманбаев Болатбек, Сейлханов Руслан, Омарбаев Ержан, Кемешев Сымбат, Ағыбаев Қанат, Маратбаев Раиль, Сафин Ренат, Байыркенов Дәурен және тағы басқалар осы команданың бастауында болды және солай болып қала береді.

Департамент басшылығы әр түрлі спорт түрлері бойынша өткізілетін жарыстарға біздің спортшылардың қатысуын әрдайым қолдайтынын және көтермелейтінін атап өткен жөн.

Іс-шараны департамент басшысының орынбасары Ерік Мұхамедқанапияұлы Татубаев ашты. Іс-шараның мақсаты, департамент қызметкерлерін тұрақты дене шынықтыруға тарту және бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау болды, - деп атап өтті департамент басшысының орынбасары.

Матч басталғаннан бері спорттық толқудың қайтпас рухы болды, өйткені әр команда жеңіске жетуді қалады. Табанды күресте «ШҚО бойынша МКД» командасы 4-3 есебімен жеңіске жетті. 

https://vk.com/wall-102541319_3639