
2023 жылдың 23 тамызында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылық құрамы мен қызметкерлері талдау және тәуекелдер басқармасы тәуекелдер бөлімінің бас маманы Бүркітбаева Рабига Төлепбекқызын салтанатты түрде еңбек өтілі 40 жылдан асатын құрметті еңбек демалысына шығарып салды.
Бүркітбаева Рабига Төлепбекқызы Мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне үлкен үлес қосты. Салық органдарында 1983 жылдан бастап жұмыс істеген, қарапайым инспектордан ШҚО бойынша Салық департаментінің сектор бастығына дейін қызмет жолынан өтті.
Ардагердің кәсіби шеберлігі, қызметтегі әріптестерімен қарым-қатынастағы талапшылдығы мен әдептілігі, ұйымдастырушылық қабілеті мен ізгі ниеттілігі, орындаушылығы жас мамандарға үлгі болып табылады.
Іс-шара барысында ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Ерік Мұхаметқанапиянович Татубаев Департамент атынан Рабиға Төлепбековнаға адал және жанкешті еңбегі, кәсіби шеберлігі, адами қасиеттері, мемлекеттік кірістер органдарындағы мінсіз және жемісті жұмысы үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде ардагерге көрсеткен тәжірибесі, қолдауы мен көмегі үшін әріптестері алғыс айтты. Шын жүректен алғыс сөздер мен еңбек күндері туралы естеліктер арасында алдағы бастамаларда көптеген тілектер айтылды.
Салтанатты іс-шара соңында Рабиға Төлепбекқызына ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналиновтың атынан грамота және естелік сыйлық табыс етілді, содан кейін жылы кездесу барысы бірлескен суретке түсірілді.