Date of publication: 29.08.2023 16:03
Date of changing: 29.08.2023 16:25

2023 жылғы 24 тамызда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ШҚО бойынша «Атамекен» ҰКП алаңында салық төлеушілердің, консалтингтік компаниялардың, ШҚО бойынша Кәсіпкерлер палатасы филиалдарының, ШҚО Мемлекеттік кірістер басқармаларының өкілдерінің қатысуымен Зум конференциясын қоса отырып, салық және кеден заңнамасының өзекті тақырыптары бойынша семинар өткізді.

Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова іс-шараға қатысушыларды бөлшек салықтың арнаулы салық режимін, бірыңғай төлемді, электрондық сауда бойынша пилоттық жобаны, жалпыға бірдей декларациялауды, цифрлық жаңалықтарды қолдануға қатысты хабардар етті. Спикер бөлшек салықты, бірыңғай төлемді ТІЖ қолданудың артықшылықтарына тоқталып, осы тақырып бойынша жиі келіп түсетін сұрақтарды атап өтті.

Іс-шараны қорытындылай келе, Гүлмира Сабралимова салық міндеттемелерін орындау және бизнесті жүргізу мақсатында «e-SalyqAzamat», «e-Salyq Business» мобильді қосымшаларының, «Salyq Bot» чат - ботының және ҚР ҚМ МКК басқа да электрондық сервистерінің артықшылықтарына назар аударды.

Семинар барысында ШҚО бойынша МКД «Өскемен - кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің басшысы Руслан Нұрлыбеков семинарға қатысушыларды кедендік заңнамадағы өзгерістер мен толықтырулармен таныстырып, тауарлардың жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салу туралы айтты.  Жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдері туралы берешекпен жұмыс басқармасының бас маманы Ардақ Қарымбаева айтып берді.

Сөз соңында салық төлеушілер ШҚО бойынша МКД өкілдеріне қызықтырған сұрақтарын қойып, түсіндіргені үшін алғыс білдірді. Барлық сұрақтарға жауаптар берілді. Іс-шараға қатысушыларға Мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық жаңалықтары туралы «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business», «SalyqBot» буклеттері табыс етілді.