
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 2023 жылғы 23 тамызда Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің жас профессор-оқытушылар құрамы үшін семинар өткізді.
Түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Жанар Айтжанова жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңімен көшу жөніндегі алдағы іс-шаралармен таныстырды, мерзімдерін белгіледі және 250.00 нысандағы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтыру және ұсыну қалай жүзеге асырылатындығын айтып өтті.
Кездесу барысында қойылған сұрақтар бойынша жауаптар берілді.
Түсіндіру жұмыс басқармасы