Date of publication: 24.08.2023 16:13
Date of changing: 24.08.2023 16:20

2023 жылғы 23 тамызда ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданудың артықшылықтары туралы егжей-тегжейлі айтып берді, брифингке қатысушылардың назарын бөлшек салықтың АСР қолдану шарттарына, мөлшерлемелер, салықтарды есептеу тәртібі, салық есептілігін ұсыну және салық төлеу мерзімдеріне аударды.

Сондай-ақ Гүлмира Камильевна 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бірыңғай төлемді енгізу туралы, бірыңғай төлем еңбекақы төлеу қорына жүктемені төмендеткені туралы айтып өтті. Кәсіпкерлердің қызметкерлерді «көлеңкеден» шығаруға ынталандыру мақсатында 2023 жылдан бастап  еңбекақы төлеу қорының 20% мөлшерінде жалақыдан бірыңғай төлем енгізілді.

Спикер өз сөзінде сондай-ақ уәкілетті органның салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауын жеңілдетуге бағытталған пилоттық жобаларды құрғаны туралы атап өтті.

Мәселен, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті оңайлатылған декларация немесе бөлшек салық негізінде АСР қолданатын дара кәсіпкерлерді әкімшілендірудің өзге тәртібі бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Әрбір кәсіпкер ерікті негізде пилоттық жобаға қатысатын электрондық сауда алаңына өтініш беру арқылы пилотқа қатыса алады. Кәсіпкер бюджетке салық төлеуді дайын есептелген сомалар бойынша жүргізетін болады, сондай - ақ салық есептілігін қызмет көрсетуші банк алдын ала толтыратын болады, бұл салық төлеушінің еңбегін жеңілдетеді және уақытты үнемдейді, - деп атап өтті түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы.

Іс-шара соңында спикер мәлімделген тақырып бойынша БАҚ сұрақтарына жауап берді.

Толығырақ мына сілтеме арқылы білуге болады: https://fb.watch/mBJYLzTKdm/