
2023 жылғы 19 тамызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп «Дина» көтерме-бөлшек кешені аумағында тіркеу есебіне қою, QR - кодтарды қалыптастыру бойынша көмек көрсету, «Е-Salyq Business», «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшаларын қолдану, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру, деректерді тіркеу және ұсыну функциясы бар БКМ-сын қолдану, бөлшек салықтың арнаулы салық режиміне көшудің артықшылықтарына және бірыңғай төлемге, сонымен қатар жалпыға бірдей декларациялауға, мобильдік аударымдарға шектеу қою мәселесіне қатысты жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында Департаменттің және Өскемен қаласы бойынша МКБ-ның уәкілетті тұлғалары оңайлатылған декларация немесе бөлшек салық негізінде арнаулы салық режимін қолданатын, электрондық сауда алаңдарында электрондық сауданы жүзеге асыратын және жеке кәсіпкерлерді әкімшілендірудің өзге тәртібі бойынша 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР ҚМ МКК іске асырған жаңа пилоттық жобаның артықшылықтары және бірыңғай төлем туралы кеңес берді.
Сондай-ақ, кәсіпкерлерге Telegram қосымшасында ҚР ҚМ МКК-нің @SalyqBot чат-ботында іске қосылған жаңа сервисі туралы ақпарат берілді, аталған сервистің көмегімен жалпыға бірдей декларациялау бойынша сұрақтарға жауап алуға болады.
Сонымен қатар, облыс азаматтарына ҚР ҚМ МКК-нің цифрлық интерактивті онлайн сервистері және салық салудың барлық өзекті мәселелері бойынша буклеттер табысталды.