
Салық кодексінің 346 - бабының 1-тармағына сәйкес жылына 882 АЕК мөлшерінде жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша стандартты салық шегеріміне: 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі (әрбір осындай мүгедектігі бар бала үшін); өмір бойына әрбір осындай адам үшін – "бала кезінен мүгедектігі бар адам" деген себеппен мүгедектігі бар адам деп танылған адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірінің құқығы бар.
Салық шегерімдері салық шегерімдерін қолдану құқығын растайтын құжаттар негізінде қолданылады.
Салық шегерімдерін салық агенті жеке тұлғаның салық шегерімдерін қолдану туралы өтініші, растайтын құжаттардың көшірмелері негізінде төлем көзінен қолданады.
Осылайша, мүгедектігі бар баланың ата - аналарының бірі-жеке тұлға қызметкердің табысы бойынша және АҚС шарттары бойынша, сондай-ақ осы салық шегеріміне құқықты растайтын құжаттар негізінде дербес салық салуға жататын табыстар бойынша ЖТС есептеу кезінде жылына 882 АЕК стандартты салық шегерімін қолдануға құқылы.
Түсіндіру жұмыстары басқармасы