Date of publication: 15.08.2023 18:14
Date of changing: 15.08.2023 18:16

2023 жылдың 4 тамызында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылық құрамы мен қызметкерлері талдау және тәуекелдер басқармасы тәуекелдер бөлімінің бас маманы Байрбаева Гүлдарига Нұрғазықызын салтанатты түрде еңбек өтілі 25 жылдан асатын құрметті еңбек демалысына шығарып салды.

Байрбаева Гульдарига Нұрғазықызы қарапайым инспектордан Өскемен қаласы бойынша Салық басқармасының сектор бастығы, департаменттің бас маманына дейінгі жолдан сәтті өтіп, мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне үлкен үлес қосты.

Ардагердің кәсіби шеберлігі, қызметтегі әріптестерімен қарым-қатынастағы талапшылдығы мен әдептілігі, ұйымдастырушылық қабілеті мен ізгі ниеттілігі, орындаушылығы жас мамандарға үлгі болып табылады.

Іс-шара барысында ШҚО бойынша МКД басшысы Саят Бимағамбетов департамент атынан Гүлдариға Байрбаеваға адал және жанкешті еңбегі, кәсіби шеберлігі, адами қасиеттері, мемлекеттік кірістер органдарындағы мінсіз және жемісті қызметі үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде әріптестері ардагерге көрсеткен тәжірибесі, қолдауы мен көмегі үшін алғыс айтты. Шын жүректен алғыс сөздер мен еңбек күндері туралы естеліктер арасында алдағы бастамаларға көптеген тілектер айтылды.

Салтанатты іс-шара соңында Гүлдариға Нұрғазықызына көп жылғы мінсіз еңбегі үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналиновтың атынан грамота және естелік сыйлық табыс етілді, содан кейін жылы кездесу барысы бірлескен  суретке түсірілді.