Date of publication: 15.08.2023 17:13
Date of changing: 15.08.2023 17:14

2023 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күнін мерекелеу шеңберінде аумақтық бөлімшелер арасында республикалық конкурстың жеңімпаздарын марапаттау салтанатты іс-шарасы өтті.

Іс - шара барысында ҚР ҚМ МКК Төрағасы Данияр Жанәлінов 2022 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының үздік аумақтық департаменттер мен басқармаларына сапалы салықтық және кедендік әкімшілендіру үшін, сондай-ақ жоғары көрсеткіштері мен мемлекет бюджетіне салықтардың түсіміне қол жеткізгені үшін әртүрлі номинациялар бойынша статуэткалар мен дипломдарды табыс етті.

Конкурс қорытындысы бойынша «Заңды сүйемелдеу» номинациясында Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы үздік деп танылды.

Құқықтық сүйемелдеу – бұл мемлекеттік кірістер органдары жұмысының ажырамас бөлігі, ол жүзеге асырылатын қызметтің заңдылығын сақтауды қамтамасыз етеді.

Департамент басшылығы мен ұжымы Заң басқармасын жеңісімен құттықтайды және кәсіби табыс тілейді.