Date of publication: 15.08.2023 12:43
Date of changing: 15.08.2023 14:30

ШҚО бойынша МКД-нің қызметкерлері 14 тамыз – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күнін салтанатты іс-шарамен және жақсы нәтижелермен қарсы алды.

Бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер органдары елдің тұрақтылығын анықтайтын негізгі құрылымдардың бірі болып табылады. Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің арқасында өңіріміз бен еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласы табысты дамуда.

Іс-шараны Департамент басшысы Саят Бимағамбетов ашты. Ол өзінің құттықтау сөзінде ШҚО бойынша МКД және аумақтық құрылымдар ардагерлері мен қызметкерлерінің ел бюджетіне түсімдерді қамтамасыз ету ісіне қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Кәсіби мереке құрметіне орай ерен еңбегі үшін Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері ведомстволық наградаларымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 31.07.2023 жылғы № 642-ж/қ бұйрығымен Мемлекеттік кірістер органдарының дамуына елеулі үлес қосқаны және мінсіз мемлекеттік қызметі үшін «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен келесі қызметкерлер марапатталды:

Иманбердина Шынар Шакерқызы – Талдау және тәуекелдер басқармасының Тәуекелдер бөлімінің бас маманы;

Байдашев Ризабек Мұқанұлы – «Майқапшағай» кеден бекетінің бас маманы;  

Сажина Жанна Павловна – Аудит басқармасының №1 аудит бөлімінің бас маманы;

Ұлықпанова Роза Бақтыбайқызы – Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының Акциздерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы;

Клейн Инна Геннадиевна – Риддер қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары;

Әлімбақиров Есенғали Жексенғалиұлы – Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары.

Сонымен қатар,   Департаменттің бірқатар қызметкерлері ҚР Қаржы министрлігінің, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің, ҚР ҚМ МКК ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Бұдан әрі 14 жасқа дейінгі балалар арасында ұйымдастырылған Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күнін мерекелеу шеңберінде ұйымдастырылған балалар суреттері байқауының қорытындысы шығарылды. Конкурс қорытындысы бойынша ШҚО бойынша МКД грамоталарымен және естелік сыйлықтармен келесі жас санаты бойынша марапатталды:

1 топ 7 жасқа дейін: 

1 орын - Анель Дәулетқанова;

2 орын - Самира Ринатқызы;

3 орын - Еркеназ Медетқызы.

2 топ 7 жастан 10 жасқа дейін:

1 орын - Әбіл-Мансұр Ақылбек;

2 орын - Әлім Жомартұлы;

3 орын - Әлімхан Арманұлы.

3 Топ 10 жастан 14 жасқа дейін:

1 орын - Айлана Әуесқан;

2 орын - Айзере Марат;

3 орын - Нәби Замикен.

Сондай-ақ,  іс-шараның барлық қатысушыларына ШҚО бойынша МКД мұражайына  экскурсия өткізілді. Салтанатты шара естелік суретке түсумен аяқталды.