Шетелдік қаржыландыру
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 26.07.2016ж. №12-VI Заңының шегінде және шетел көздерінен түсетін түсімдерге салықтық бақылау жасау мақсатында, 2016 жылдың 11 қазанынан бастап заңнамалық актілерге, соның ішінде Салық кодексінің 14, 20, 77, 557 және 627-баптарына тиісті түзетулер енгізілген.
Енгізілген өзгертулер (Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағы) Хабарламаны ұсынуды, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарына шетел көздерінен мүліктер мен (немесе) ақшаларды алу туралы тұлғалармен мәмле жасаған салықтық тіркелімдерді қарастырады.
Тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушының қызметі:
1. заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;
2. қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеуметтанушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;
3. аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған жағдайда, салық органдарын уәкілетті орган белгілеген мөлшерден аспайтын мөлшерде шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде хабардар етеді.
Сонымен қатар, енгізілген өзгертулермен тиісті заңға тәуелді актілер қарастырылған, соған сай мәліметтер және хабарламаларды ұсынудың тәртібі мен мерзімдері реттеледі:
1. Хабарлама (форма 017.00) мемлекеттік кірістер органдарына мәмле жасалған күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде ұсынылады.
2. Ақшаларды алу мен жұмсалуы және өзге де мүліктер туралы мәліметтер (форма 018.00) мемлекеттік кірістер органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей ұсынылады.
Шетел көздерінен қаражаттарды алу мен оларды жұмсау туралы алынған мәлімет МКК интернет-ресурсында орналастырылады.
Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдар есебінен жарияланатын ақпараттар мен мәліметтер, дайындау туралы нұсқаулар, тарату немесе ақпараттар және мәліметтерді орналастыру, тапсырыс берген тұлғалар туралы мәліметтің болуын қажет ететіндігін атап өту қажет.
Бұл ретте, жүзеге асырылатын шаралар хабарландыру сипатта болады және салық төлеушілердің құқықтарын шектемейді, қаражаттардың алу, жұмсау рәсімдерінің айқындығына, сонымен қатар халықаралық міндеттемелерді орындауға бағытталған.
Көрсетілген талаптарды орындамау немесе орындалмаған жағдайда ҚР ӘҚК 460-1, 460-2 баптарына сәйкес әкімшілік өндіріп алынады.
Барлық туындаған мәселелер бойынша тіркеу орны бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге ұсыныс береміз.