
Төлем құжаттарын ресімдеу тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында көзделген. ҚР ҚМ МКК "Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар" ақпараттық жүйесінде жүргізілетін салық төлеушілердің дербес шоттарына төлемдерді тарату, "төлемді жөнелтуші" төлем құжатының жолағында көрсетілген салық төлеушінің ЖСН/БСН бойынша автоматты түрде жүргізіледі.
Заңды тұлға бюджетке төлемдер, сондай-ақ МЗЖ, ЖБМЗЖ, МКЗЖ және МӘСҚ-ға ӘА, өзінің жеке бөлімшесі үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар немесе жарналар төлеген кезде "Төлем мақсаты" бағанында: БСН және міндеттемелері бойынша төлем жүзеге асырылатын тұлғаның жеке заңды бөлімшесінің атауы, төлем мақсаты көрсетіледі.
Төлемді тағайындауда әлеуметтік төлемдерді аудару кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының БСН көрсету талап етілмейтінін қосымша хабарлаймыз.