Date of publication: 01.08.2023 15:18
Date of changing: 01.08.2023 15:19

2023 жылы 31 шілде айында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Сұрақ-жауап» форматында «Атамекен» ҰКП өкілдерімен, кәсіпкерлермен, консалтингтік ұйымдармен, «Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем», «Төлем құжаттарын толтыру» тақырыптарында ZOOM конференциясын өткізді».

Конференция барысында Департамент  қызметкерлерімен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақыны есептеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қатысушыларға 02.06.2023 жылғы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің хаттамалық шешімін, сондай-ақ, төлем құжаттарын толтыру тәртібін қатысушылардың назарына ұсынды.

Конференция барысында қатысушылар төлем құжаттарын толтыру, сондай-ақ сыртқы жарнамаға салық төлеу бойынша бірқатар сұрақтар қойып, жауаптар алынды.

 

Түсіндіру жұмысы басқармасы