Date of publication: 01.08.2023 12:01
Date of changing: 01.08.2023 12:46

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл Е. М. Татубаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау мәселесі бойынша кеңестер өткізді:

- 2023 жылдың 27 шілде айында Глубокое ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды тұлғаларымен;

- 2023 жылдың 31 шілде айында Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды тұлғаларымен.

Кездесу жанданған форматта өтті, онда мемлекеттік кірістер аумақтық басқармалары қызметкерлерінің сұрақтарына Әдеп жөніндегі уәкіл Е. М. Татубаев жауап беріп, қажетті ақпарат берді.

Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі уәкіл Е.М. Татубаев Салық кодексінің 118-бабы 1-тармағының 7-тармақшасының талаптарын сақтау бойынша салық төлеушілермен жұмыс және жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімдерінің лауазымды тұлғаларымен профилактикалық жұмыс жүргізді (ШҚО бойынша МКД-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері шеңберінде).

Кездесулер аяқталғаннан кейін ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл Е.М. Татубаев қызметтік әдеп нормаларын тұрақты сақтаудың, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және Әдеп кодексінің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті