Date of publication: 31.07.2023 17:10
Date of changing: 31.07.2023 17:11

"Майқапшағай" кеден бекетінің қызметкері Гүлнар Тұрымханқызы Байтұрсынованың 60 жасқа толу және 30 жылдан аса мемлекеттік қызмет саласында жемісті қызмет  атқарған мерейтой күніне орай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында орналасқан "Майқапшағай" кеден бекетінің қызметкерлері мен басшыларының қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

Гүлнар Тұрымханқызы Байтұрсынова ҚР кеден органдарында 1993 жылдың сәуірінен бастап жұмыс істейді, ардагер кеденші болып табылады.

Қызметтің 30 жылында Г.Т. Байтұрсынова өзін білікті маман ретінде көрсетті. Ол өзінің қырағылығының арқасында көптеген шектеулі, тыйым салынған контрабандалық тауарлардың жолына тосқауыл қоя білді. Ол бірнеше рет аюдың өттерін, бұғының мүйіздерін, таушымылдық гүлінде мекендейтін құрттарды, азаматтар шекара арқылы заңсыз өткізгісі келген алтын әшекейлерді анықтады, осылайша айыппұл түрінде мемлекет қазынасын толықтырды.

Салтанатты атмосферада кеден бекетінің басшылығы мерейтой иесіне мықты денсаулық, еңбекте табыс, алға қойған мақсаттарға қол жеткізу тілектерімен мінсіз қызметі үшін Құрмет грамотасын табыс етті.

https://www.instagram.com/reel/CvXAD4OgJn-/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==