
Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 710 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы
13 тамыздағы № 871 «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы («такс фри» пилоттық жобасы)» бұйрығына пилоттық жобаны жүргізу мерзімін 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту, сондай-ақ Астана, Алматы, Түркістан және Шымкент қалаларында орналасқан стационарлық сауда объектілері мен халықаралық әуежайларда оны іске асыру аумағын географиялық кеңейту бөлігінде өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.