Date of publication: 25.07.2023 16:58
Date of changing: 25.07.2023 16:59

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті әрбір сәрсенбі күндері сағат 11.00-11.30 аралығында жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде, оның ішінде жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның 250 нысанын және кіріс пен мүлік туралы декларацияның 270 нысанын толтыру бойынша ZOOM бағдарламасында "сұрақ-жауап" форматында конференция өткізеді.

Конференцияның идентификаторы "86149502822".

ZOOM конференциясына "123456" паролін қолдана отырып, кез келген адам қосыла алады және қызығушылық тудырған сұрақтарын қоя алады.

 

             Түсіндіру жұмысы басқармасы