
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 17 шілдедегі Жарлығымен Неверова Ирина Валерьевна Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы болып тағайындалды.
И.В. Неверова еңбек жолын 2001 жылы ШҚО Зырян аудандық сотынан бастап, жетекші маманнан бас маманға дейін қызмет атқарды. Мемлекеттік кірістер органдарында Ирина Валерьевна 2010 жылдан бастап, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Заң басқармасының бас маманы лауазымында– 2015 жылдан бастап жұмыс істеді.
Жұмыс барысында Неверова Ирина Валерьевна өзін жоғары деңгейдегі кәсіпқой маман ретінде көрсетті, жоғары ведомстволық награда - "Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі" төс белгісіне ие.
2023 жылғы 20 шілде айында салтанатты атмосферада Департамент басшылығы Ирина Валерьевнаға мінсіз қызметі үшін Құрмет грамотасын табыс етті, ал ұжым ұзақ жылдар бойы бірлесіп жұмыс істегені үшін алғыстарын білдіріп, алдағы бастамаларына шын жүректен табыс тіледі.
ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Ерік Мұхамедқанапияұлы Татубаев Ирина Валерьевнаның департаменттің мүдделерін сот органдарында білдірудегі, салықтық, кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша облыстық деңгейде оң сот тәжірибесін қалыптастырудағы жоғары кәсібилігін атап өтті. Басшының орынбасары "ШҚО Мемлекеттік кірістер органдарының заңқызметінде жұмыс істеген және баға жетпес тәжірибе жинақтаған кадрлар бүгінде жоғары мәртебеге ие судьялар, әртүрлі салаларда сұранысқа ие және табысты мамандар болып табылатынын мақтанышпен атап өтуге болады", - деп толықтырды және департамент атынан адал еңбегі үшін алғысын білдіріп, И.В. Невероваға одан әрі шығармашылық табыс тіледі.