
2023 жылғы 20 шілдеде Өскемен қаласында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі" алаңында "Онлайн БКМ және басқа да мобильді қосымшаларды қолдану" тақырыбында брифинг өткізді.
Брифинг барысында ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Ерік Мұхамедқанапияұлы Татубаев ҚР аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ міндетті түрде қолданумен жүргізілетінін хабарлады. "Қазіргі уақытта мемлекеттік тізілімде 257-ден астам БКМ моделі бар, оның ішінде 103-ке жуығы онлайн. БКМ чегін беру-БКМ қолдану кезіндегі негізгі талаптардың бірі".
Ерік Татубаев БКМ чегінің мазмұнына қойылатын талаптар туралы, сондай-ақ БКМ техникалық талаптарында көзделген, БКМ чегін мемлекеттік тілде беру тәртібі туралы хабарлады.
Сонымен қатар басшының орынбасары онлайн-БКМ қолданудың және 2.0.2 хаттамасына көшудің негізгі артықшылықтары туралы айта отырып, барлық салық төлеушілерге тіркелген онлайн БКМ қайта бағдарламалау қажеттігін жеткізді.
Қорытындылай келе, спикер 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге арналған "e-Salyq Business" мобильді қосымшасы әзірленіп, қолданысқа енгізілгенін айтты. Қосымшаның функционалдығы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, салық режимін таңдауға және өзгертуге, чектер беруге, кірістер тізілімін құруға және автоматты түрде есептеу үшін қызметкерлердің кірістерін есепке алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін қосымшада салық әмиянының қызметтері бар екенін, мобильді қосымшаны "Play Market", "App Store" және "App Gallery" сайттарынан жүктеуге болатындығын атап өтті.
Брифинг қорытындысы бойынша журналистер мобильдік қосымшаларды қолдануға, БКМ қолданудың бұзылғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке қатысты сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.