Date of publication: 21.07.2023 15:59
Date of changing: 21.07.2023 16:00

Бірқатар нормативтік құқықтық актілермен Қазақстан Республикасының аумағынан  әкетуге келесі товарларға тыйым салынған:

- 2023 жылғы 30 маусымнан бастап ірі қара және ұсақ малдың аналық басын («Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 224 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 641 бірлескен бұйрығы);

- 2023 жылғы 10 маусымнан бастап ағаш материалдарының жекелеген түрлерін («Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 419 бұйрығы);

- 2023 жылғы 9 маусымнан бастап аммофос (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3105590000) және аммоний нитратын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3102309000) автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге («Аммофос және аммоний нитратын әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 378 бұйрығы).

 

 

«Өскемен-КРО» кеден бекеті