Date of publication: 21.07.2023 15:22
Date of changing: 21.07.2023 15:27

ШҚО бойынша МКД ТРБ қызметінің негізгі бағыттарына мыналар жатады:

- мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсету;

- тауарларды жіктеудің дұрыстығын бақылау, тауарлардың кедендік құнын бақылау, ШҚО бойынша МКД ақшаны уақытша орналастыру шотын жүргізу және бақылау;

- республикалық бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың түсуі жөніндегі жоспардың және "Кедендік әкімшілендіруді жақсарту" бағыты бойынша қосымша қорлары жөніндегі жоспардың орындалуын бақылау.

Тауарларды жіктеудің дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру кезінде 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында тауарларды жіктеу туралы 103 шешім қабылданды. ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын өзгерту нәтижесінде кедендік баждар, салықтар 30 млн. теңге сомасында қосымша есептелді, оның ішінде кедендік баждар, салықтар бюджетке 29,8 млн.теңге өндірілді.

Іске қосылған тәуекелдің құндық бейіндері бойынша импортталатын тауарлар мен көлік құралдарының кедендік құнын бақылау нәтижелері бойынша, сондай-ақ 2023 жылдың 1 жартыжылдығында әкелінетін тауарлармен ("жасыл дәліз") мәміле бағасы бойынша шығарылған тауарларға кеден бекеттері мен ТРБ  мамандары тауарлардың кедендік құнына 218 түзету жүргізді, қосымша 1 283 млн.теңге сомасына кедендік баждар мен салықтар есептелді.

2023 жылғы 1 жартыжылдықта кедендік төлемдер мен салықтардың түсуі бойынша ҚР ҚМ МКК мәліметтеріне сәйкес ШҚО бойынша МКД кедендік төлемдер мен салықтардың түсуі бойынша жоспар 105,9% - ға орындалды (жоспар бойынша 35 760,8 млн.теңге, дерек 37 863, 2 млн. теңге, асыра орындау 2 102, 4 млн. теңгені құрады). 2023 жылғы 1 жартыжылдықтағы кедендік төлемдер мен салықтар түсімдерінің өсу қарқыны 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда-134%.

ҚР ҚМ МКК-мен белгілеген 2023 жылдың 1 жартыжылдығында кедендік әкімшілендіру шеңберінде қосымша қорлар бойынша жоспар 4 877,4 млн. теңгені құрады, орындалуы 53,8 % құрады, 2 626,4 млн.теңге сомасына кедендік төлемдер мен салықтар бойынша қосымша қорлар өндірілді.

Тарифтік реттеу басқармасы мемлекеттік қызметтерді толық көлемде және заңнамада белгіленген мерзімде көрсетеді. Тауарлардың жіктелуі мен кедендік құнының дұрыстығын бақылауды ТРБ және кеден бекеттерінің мамандары және тауарлар шығарылғанға дейін де, шығарылғаннан кейін де кедендік бақылау жүргізу шеңберінде жүзеге асырады.

ШҚО бойынша МКД ақшаны уақытша орналастыру шоты бойынша ақша қаражатының қозғалысы бойынша СЭҚҚ өтініштерін қарау мерзімдерін бұзу жоқ.

 

ШҚО бойынша МКД

басшы орынбасары                                                                             Е.Ктанов