Date of publication: 20.07.2023 15:10
Date of changing: 20.07.2023 15:11

Айлық, тоқсандық, жартыжылдық салықтық есептілікті тапсыру мерзімі 2023 жылғы 1 шілдеден 15 тамызға дейін жалғасуда. Сондықтан салық есептілігін 2023 жылдың 15 тамызынан кешіктірмей тапсыру керек.

2023 жылғы маусым айы үшін:

-400.00 «Акциз бойынша декларация»

-421.00 «Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз есебі»

2023 жылғы 2 тоқсан үшін:

-101.03 «Резиденттің табысына төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп»

-101.04 «Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп»

-200.00 «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация»

-300.00 «Қосылған құн салығы бойынша декларация»

-570.00 «Экспортқа рента салығы бойынша декларация»

-590.00 «Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация»

-710.00 «Ойын бизнесі салығы бойынша декларация»

-860.00 «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация»

-870.00 «Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация»

-913.00 «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация»

2023 жылғы 1 жартыжылдық үшін:

-910.00 «Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация»

 

❗Мерзімнің соңғы күндерінде жүктеменің өсуін болдырмау үшін салық есептілігін алдын-ала тапсыруға кеңес береміз.