Date of publication: 20.07.2023 11:38
Date of changing: 20.07.2023 11:50

Өскемен қаласында ШҚО "Атамекен" ҰКП филиалы алаңында 2023 жылғы 19 шілдеде салықтөлеушілер, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы, ШҚО мәдениет басқармасы, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, "Фортуна Порт-Восток" ТҚКО өкілдерінің қатысуымен "Қызмет көрсету және сауда саласындағы мемлекеттік тілдің маңыздылығы"тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, оның ішінде онлайн БКМ қолдану және БКМ чегін беру кезінде мемлекеттік тілді қолдану мәселелері қаралды.   

ШҚО бойынша МКД Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Гүлмира Камильевна Сабралимова БКМ чектерін мемлекеттік тілде беру тәртібі туралы дөңгелек үстел қатысушыларының назарына жеткізді. "Мемлекеттік тізілімге енгізілген барлық бақылау-касса машиналары "Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы"Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығымен айқындалған техникалық талаптарға сәйкестігіне тестілеуден өтеді. Мемлекеттік тілді ауыстыру техникалық талаптарда көзделген".

Сонымен қатар, басқарма басшысы мобильді қосымшалардың, оның ішінде функционалы чектер беруге, кірістер тізілімін қалыптастыруға және мобильді қосымшада автоматты түрде есептеу және төлеу үшін кірістер есебін жүргізуге мүмкіндік беретін кәсіпкерлер үшін Е-SalyqBusinessартықшылықтары туралы хабарлады.

Өскемен қаласы бойынша МКБ бөлімінің басшысы Дулат Серікұлы Сүлейменов 2.0.2 хаттамасына көшу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

Семинар барысындақатысушылар БКМ қолданужәне чек беру, Е-SalyqBusiness мобильді қосымшасын пайдалану, қайта бағдарламалау мәселелері бойынша бірқатар сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.