
2023 жылғы 30 маусымда ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылық құрамы мен қызметкерлері еңбек өтілі 30 жылдан асатын Кедендік әкімшілендіру басқармасы Кедендік бақылау бөлімінің басшысы Бүткенов Ерлан Тоқтанұлын салтанатты жағдайда еңбек демалысына шығарып салды.
Ерлан Бүткенов Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарында, кеден органдарында, қалыптасқан сәтінен бастап қызмет атқара отырып, қарапайым инспектордан ШҚО бойынша Кедендік бақылау департаменті басшысының орынбасары, Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті басшысының орынбасары лауазымдарына тағайындалғанға дейінгі еңбек жолынан өтіп, Департаменттің қызметіне үлкен үлесін қосты.
Мемлекеттік кірістер органдары ардагерінің кәсібилігі, талапшылдығы және әріптестерімен қарым-қатынастағы әдептілігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлгі тұтарлық және жоғары құрметке лайық.
Іс-шара барысында ШҚО бойынша МКД-нің басшысы Саят Бимағамбетов Департамент атынан Еран Тоқтанұлына адал және мінсіз еңбегі, кәсіби шеберлігі, жоғары адами қасиеттері үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде, бір кездері жас мамандар болған, ал бүгінгі күні – бөлім басшылары болып отырған әріптестері ардагерге бөліскен тәжірибесі, қолдауы мен көрсеткен көмегі үшін алғыстарын айтты. Сондай-ақ, Департамент ұжымы тарапынан алғыс сөздер мен еңбек күндері туралы естеліктермен қатар көптеген ізгі тілектер айтылды.
Салтанатты іс-шара соңында Ерлан Тоқтанұлына көп жылғы мінсіз еңбегі үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәліновтің атынан грамота және естелік сыйлық табыс етілді. Жылы кездесу фотосуретке түсумен аяқталды.