
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2023 жылғы 23 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 216 бұйрығына сәйкес
60 000 (алпыс мың) бас бұқашықты мөлшерінде тірі ірі қара малды (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0102);
120 000 (жүз жиырма мың) бас еркек тоқтыны мөлшерінде тірі қой және ешкілерді (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0104) Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге алты ай мерзімге сандық шектеулер (квоталар) енгізілгендігін хабарлайды.